Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мигрант» ЖПІШ: Ақтөбе облысында 58 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Ақтөбе облысында 58 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 6 мен 12 аралығында облыс аумағында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Яғни, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан республикасында болу ережесін бұзған барлығы 1 225 адам, оның  ішінде 877 шетел азаматы және 348 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

58 шетел азаматы соттың қаулысымен әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды.

Іс-шара барысында Ресей Федерациясының азаматымен Қазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту фактісі мен анықталып,  ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының азаматымен заңсыз жүрген шетелдіктерге тұрғын немесе  үй-жай беру, өзге де қызметтер көрсету арқылы және ҚР аумағына заңсыз кіру үшін көлік құралын беру туралы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру