Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мигрант» ЖПІШ: Түркістан облысында 960-тан астам тәртіп бұзушы анықталды

Түркістан облысының полицейлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 960-тан астам тәртіп бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Түркістан облысының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету және облыс аумағында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер көрсетілген кезеңде көші-қон заңнамасын бұзған 962 адамды анықтады, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 677-сі шетелдік болса, 285-і Қазақстан Республикасының азаматтары.

Сондай-ақ, қабылдау-тарату орнына алты құқық бұзушы орналастырылды, сот шешімімен 65 шетелдік пен 18 адам елден шығарылды, ҚР-да болу мерзімі қысқартылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берудің 238 дерегі мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған ҚР-ның 47 азаматын анықтады. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы) және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру