Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 32 шетелдік анықталды

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 32 шетелдік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 наурызда басталды. Қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында полицейлер базарларда, тұрғын алаптарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұдан бөлек, көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап, тексеруде.

Аталған бағыттағы жедел алдын алу жұмыстары барысында Абай АПБ-ның көші-қон қыметі бөлімімен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 32 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Шетелдіктердің ҚР болуы құқығына құжаттарды рәсімдеу бойынша шаралар қолданбаған және көші-қон заңнамасын бұза отырып, елге келген шетелдікке тұрғынжай бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен 12 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін бір жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру