Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Микрокредит алып беремін»: алаяқ ұсталды

Алматыда  ғаламторда микрокредиттер алып беремін деп клиенттердің карточкаларынан ақша жымқырған алаяқтыққа күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жастағы Р.есімді жігіт белгілі сайтта қаржылық қызметтерге, атап айтқанда жеңілдетілген шарттармен микрокредиттер беру туралы хабарландыру құрды және жариялады. Келісімнің төмен пайыздық және қарапайым шарттары аңқау тұрғындарды қызықтырды.

– Қаскөй – алдауда тәжірибелі. Ол барлығын анық ойлап, өзінің қылмыстық жоспарын құрды. Тек 2015 жылдан бері ол төрт рет алаяқтық әрекеті үшін және бір рет қарақшылық үшін жауапқа тартылды. Адамдар оның жарнамасына сеніп, онымен хабарласқаннан кейін ол келісімшарт жасағаны үшін төлем ретінде микрокредитке сұралған соманың 10 пайызын талап етті. Бұдан әрі, микрокредит бойынша ақша аудару үшін «клиент» жеке мәліметтерін: жеке куәлігін және банктік картаның фотосын екі жағынан ұсынуы керек болған. Әрине, қылмыскерге тек барып ақшаны шешіп алу ғана қалды, ол оны іс жүзінде жасады. Банк карточкаларының нөмірін және картаның артқы жағында көрсетілген CVV кодын біле отырып, «қарыз алушы» букмекерлік кеңселердің интернет-терминалдары арқылы ақша аударады. Ол ешкімге қаржылық қызмет көрсетпейтіні анық. Р.мырзаға байланысты алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаншалықты ашық болса да, адамдар киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін жеке деректерді, сондай-ақ банктік карта деректерін үшінші адамға бермеу керектігін ұмытпауы керек, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру