Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Миллион теңгеден астам төленбеген 54 айыппұлы бар атыраулық жүргізуші анықталды

Миллион теңгеден астам төленбеген 54 айыппұлы бар атыраулық жүргізуші әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда бір апта ішінде патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары бар 56 автокөлікті анықтады.
Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» аппаратты бағдарламалық кешендеріне түскен.
Мысалы, 30 шілде күні сағат 11:10 шамасында Махамбет-Бейбарыс даңғылы қиылысында патрульдік полиция қызметкерлерімен 47 жастағы әйелдің басқаруындағы Армения Республикасынан әкелінген Toyota Camry автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 1 млн 38 452 теңгені құрайтын төленбеген 54 айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру