Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өзгенің атына несие ресімдеген семейлік алаяқ қолға түсті

ШҚО-да өзгенің атына несие ресімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 3 шілдесінде кешкі уақытта Бесқарағай АПБ-ға жергілікті тұрғын жүгініп, ағымдағы жылдың мамыр айында оның үйіне белгісіз әйел келіп, өзін Бесқарағай ауданының ТКШ қызметкері ретінде таныстырып, алдау жолымен, үйді жекешелендіруге құжаттарды ресімдеу сылтауымен оның құжаттарын суретке түсіргенін хабарлады. Кейін оның атына 200 000 теңге сомасында несие рәсімдегенін білген.

Бесқарағай ПБ криминалдық полиция тобы сегіз күн ішінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді және ағымдағы жылдың 11 шілдесінде бұл қылмыс ашылды. Семей қаласының 41 жастағы тұрғыны жауап алу барысында өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру