Мотокөліктен 2 келіге жуық есірткі табылды
Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаған екі тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 15 қыркүйек күні «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Шиелі ауданында полицейлермен жол ережесін бұзған мотокөлік тоқтатылды.
Тексеру жүргізу барысында мотокөліктің қалташасынан ерекше иісі бар шөп салынған екі дана полиэтилен пакеті алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар екі келіге жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.
Оқиға орнында екі күдікті ұсталып, олар 26-27 жастағы аудан тұрғындары болып шықты.
Бүгінгі күні күдіктілер Шиелі ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.