Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясының сервистік моделі: пайым және перспективалар

Қазақстан Республикасы ІІМ кадр саясаты басқармасының бастығы Айдар Сайтбеков полиция қызметінің сервистік моделі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қен ауқымды реформасының басталуы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауда қаланды, онда Елбасы халықпен жұмыста жаңа заманауи форматтарды енгізу, полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру міндеттерін қойды.Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде «полицияның сервистік моделіне» көшу белгіленді.

Полицияеліміздің түкпір-түкпірінде қызмет көрсететін ең үлкен құқық қорғау органдардың құрамдас бөлігі.

Күн сайын полиция қызметкерлері адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқарады.

Осылайша мемлекеттік басқару жүйесіндегі полиция органдарының маңызды рөлі барынша түсінікті. Бұл сонымен қатар полиция қызметініңнақты әлеуметтік кеңістікте азаматтармен тікелей байланыста жүзеге асырылатындығымен байланысты.

Күн сайын полиция қызметкерлері күрделі кәсіби міндеттерді, қиын жағдайлар мен қақтығыстарды шешеді. Бұл ретте оның қателікке жол беруге құқығы жоқ. Демек, полиция қызметінің кәсіби құзыреттілік деңгейі мен тиімділік дәрежесі қоғамдық пікірге әсер етеді, бұл елдегі әлеуметтік-саяси жағдайда тікелей көрініс табады.

Полиция қызметінің демократиялық негіздерін ілгерілету прогресіне бақылауға бағдарланған тәсілден қызмет көрсетуге бағдарланған тәсілге көшкен кезде қол жеткізіледі, онда құқық қорғау органдарының негізгі назары құқық бұзушылықтардың белсенді түрде алдын алуға шоғырланады.

Сервиске бағдарланған полиция қызметі –полиция мен қоғамға қылмыстылық, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Ол екі түйінді компенентке негізделген: полицияның әдістері мен тәжірибесін өзгерту және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылдау.

Мемлекет басшысы Жолдауда «жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді деп атап өтті.

Бұл кездейсоқ емес, өйткені жергілікті полиция қызметі полицияның халықпен тікелей қарым-қатынаста болатын бөлінісі болып табылады.

Негізгі рөл учаскелік полиция инспекторына қоғам мүшелеріне нақты мәселелерді шешу және өмірлерінің сапасын жақсарту үшін қолдау мен ресурстарды жұмылдыруға көмектесетін негізгі менеджер ретінде беріледі.

Бұл модельдің мәні – қоғам мүшелерініңқауіпсіздік мәселелерді анықтау процесіне белсенді қатысуында. Азаматтарды тарту шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша кеңейтілген және жан-жақты пайымдау орын алады, бұл барлық полиция қызметіне терең өзгерістер енгізуге әкеледі.

Оң нәтижелер мен тиімділікке қол жеткізу үшін бұл тәсіл барлық полиция қызметтері тарапынан да, қоғам тарапынан да мақсатты қолдауды тұспалдайды, сонда қоғам осындай өзара іс-қимылдың нәтижелерін және осы процестегі өз рөлін көреді.

«Полицияның сервистік моделі» негізін сипаттауға болатын негізгі қағидат – Полициябұлхалық, ал халық – бұл полиция.

Қазіргі уақытта «полицияның сервистік моделі» деген бірыңғай түсінік жоқ екендігін атап өту керек.Осыған байланысты «Полицияның сервистік моделінің» қазақстандық тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі пісіп-жетілді, өйткені әртүрлі шетелдік институционалдық модельдерді механикалық түрде енгізуолардың демографиялық және басқа да сипаттамаларын айтпағанда, мәдени, тарихи, экономикалық, институционалдық, нормативтік, саяси және әлеуметтік жағдайларға бейімдемесе, табыстылықты қамтамасыз етпейді. Табысқа жетужолдары бірдей емес, бірдей болуы мүмкін емес және болмауы керек.

Полиция қызметіндегі сервистік тәсіл ішкі істер органдары қызметкерлерінің оны іске асыруының бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және қоғамның оның мәнін түсінуі мақсатында нормативтік тұрғыдан бекітілуі тиіс.

Негізгі мақсатқажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, есеп беретін орган құру.

«Полицияның сервистік моделін» енгізу полиция басқа мемлекеттік органдардың жұмыстары мен функцияларын жүзеге асыру үшін бақылау мен жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс дегенді білдірмейді. Тек қана тығыз өзара іс-қимыл арқылы ғана үлкен нәтижеге қол жеткізілетінін ескере отырып, «полицияның сервистік моделін» енгізу және дамыту қоғамның да, барлық мемлекеттік органдардың да барлық мүдделі тараптарының қатысуын талап етеді.

Осылайша полиция жұмысындағы өзгерістер көптеген демократиялық елдердегі мемлекеттік басқарудың қазіргі тенденцияларының көрінісі болып табылады.

Сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуі керек. Полиция әр түрлі тілектерді қанағаттандырумен емес, заңға мүлдем бейтарап қызмет көрсету арқылы қоғамдық сенімге ие болуға тырысуы керек.

Қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа негізделген полиция қызметінің сервистік моделі барлық проблемалардың әмбебап құралы болып табылмайды, алайда қоғаммен сындарлы диалог құрудың сенімді құралдарының бірі болады.

Өзара іс-қимылдың осы модельдерін қолдану жергілікті жерлерде полиция жұмысының сапасын арттыруға және ішкі істер органдарын реформалау бойынша қойылған міндеттер шеңберінде мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру