"МТЗ-82" маркалы трактор ұрланды
Қарағанды облысында шаруа қожалығынан "МТЗ-82" маркалы трактор ұрланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілдеде Бұқар-Жырау ауданының ПБ Мұстафин атындағы кентінде полиция бөліміне белгілі бір шаруа қожалығының басшысынан хабарлама келіп түсті. Белгісіз адам оған тиесілі "МТЗ-82" маркалы тракторын ұрлап кеткен. Материалдық шығын 2 млн.теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері ұрының жеке басын анықтап, ұстады. Күдікті ретінде 34 жастағы ер адам анықталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Трактор заңды иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК-ң 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз көлік құралдарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.