Мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат қайтадан ұрлық жасаған
Қарағандыда бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 желтоқсанда 33 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне арызданып, белгісіз біреудің оның пәтеріне кіріп, электр құралдары мен басқа да бағалы заттарды ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын көлемі 114 мың теңгені құрады. Ұрлық жәбірленуші жұмыста болған кезде болған.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұрының үйге пластикалық терезе арқылы кіргенін анықтады.
20 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар 27 жастағы азаматты анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады.
Күдіктінің бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.