Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаскүнем зейнеткердің алтын сырғасын құлағынан жұлып алған

Теміртауда полиция қызметкерлері зейнеткерді тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 желтоқсанда 79 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасы Ескі қалалық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің оған үйдің кіреберісінде шабуыл жасағаны туралы арызданды.

Зейнеткер лифтке жақындаған кезде оның алдынан бейтаныс адам шығып, оның құлақтарынан алтын сырғасын жұлып алып, тез қашып кеткен. Шығын мөлшері 50 мың теңгені құрады.

Жәбірленушінің айтуынша, күдікті шамамен 35-40 жас аралығындағы ер адам болған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) қылмыстық іс қозғалды.

20 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Қарағанды қаласының 36 жастағы  тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақ заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру