Мүмкіндігі шектеулі балаларға Ақмола ҚАЖД қызметкерлері барып келді
Мүмкіндігі шектеулі балаларға Ақмола ҚАЖД қызметкерлері барып келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу күні ЕЦ-166/18 мекемесінің қызметкерлері Урюпин балалар үйінің мүмкіндігі шектеулі балаларына барды.
– Бірнеше жыл бойы біз осы балалар үйіне барып келеміз, бұл жай ғана дәстүрге айналған жоқ, бұл бәріміздің бөлігіміз. Қызметкерлер өз ақшаларына балаларды қуанту үшін сыйлықтар сатып алып, оларға барады. Балалар үйі бізден шамамен 130 шақырым жерде орналасқан, – деп бөлісті Иван Падалко.
Бүгінде Урюпин балалар үйінде 108 бала тұрады, ең кішісі – 3 жаста, үлкені жақында 16 жасқа толады.