Мұздың жұқалығы балықшы өміріне қауіп төндірді
Атырау облысында мұздың жұқа болу салдарынан балықшы құтқару жасағынан көмек сұрады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7-ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 17.20-да қала
тұрғыны тұрғындар қалашығының жағалауында сындырылған жұқа мұзбен
судың ортасына қарай қалқып бара жатқан балықшыны көріп, жедел "112"
нөміріне хабарласқан.
Қоңырау қабылданған соң, Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушылары Хамит Асқар, Айбеков Ренат, Сәрсенбаев Арман шұғыл оқиға орнына жетіп, судың ортасында тұрған Атырау қаласының 1964 жылғы азаматын жағалауға шығарып алды.

Құтқарылған азамат құтқарушыларға рахметін айтып, үйіне оралды.
Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Атырау облысы
Төтенше жағдай департаменті мамандары Жайық өзеніндегі мұздың жұқалығын тағы да ескерте отырып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
