Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізілуде

Жамбыл облысының су көздерінде құтқарушылармен төтенше жағдайдың алдын алу бойынша рейдтер жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қыс мезгілінде су көздерінде балықшылардың қайғылы жағдайға ұшырауының алдын алу мақсатында мұз үстінде тынығушылар мен балықшыларға туындай қалған қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ескерту сипатындағы шаралар жүргізілуде.

Осыған орай, жедел құтқару жасағының құтқарушылары демалыс күндері құрамында 5 адам және 2 адамнан құралған «Ізгілік ел» еріктілерімен бірге Теріс-Ащыбұлақ, Каменное, Жартас және Бұғаткөл өзендерінде кезекті алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында мұзда жүру, өзін-өзі ұстау және балық аулау кезінде ұстанатын ережелер жан-жақты түсіндіріліп, тиісті нұсқау берілді. Сонымен қатар төмен мөлшердегі дозада спиртті ішімдікті пайдаланудың өзі қимыл әрекетке айтарлықтай залалын тигізетіндігін және қорқыныш, сақтану сезімдерін тежейтінін түсіндірді.

Мұзда мас күйінше жүру – мұз астына кетудің бірден бір белгісі. Аталмыш рейд барысында балықшыларға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша және түрлі сипаттағы жылыту құралдары мен қыздырғыш баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жаднамалар таратылып, буклеттер табысталды. Сондай-ақ құтқарушылар балықшыларға төтенше жағдай туындай қалған жағдайда 112 телефон нөміріне қоңырау шалу, ауа райының болжамын қадағалап Darmen мобильды қосымшасын пайдалану, оны өзіңіз, балаларыңыз бен жақындарыңызға орнатуға қажеттігін ескертті. «Darmen» мобильді қосымшасы «Play Market /darmen/» және «App Store /darmen/» жүктеу үшін қолжетімді. Қауіпсіздік көп болмайды.

Аталған рейдті өткізудегі мақсат – қыс мезгілінде мұз үстінде балық аулаушылардың төтенше жағдайға ұшырауына жол бермеу және төтенше жағдай туындай қалған жағдайда алдын алу болып табылатындығын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру