Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мылтық» ұстаған 17 жастағы жігіт Семей тұрғындарын шошытты

«Мылтық» ұстаған 17 жастағы жігіт Семей тұрғындарын шошытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурызда Семей қаласындағы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 342 кварталдағы «Радуга» сауда үйі ауданында жас жігіт мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен.

Қоңырауға дереу ден қойған Семей қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қолында телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы семейлік жігітті ұстады.

Тексеру барысында жас жігіт екі күн бұрын тойлаған туған күніне орай ата-анасы берген ақшаға өзі ұсталған осы кварталдан ойыншық қару сатып алғанын айтты.


Затон полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ойыншық мылтық туған күн иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру