Мылтықты өз үйінде заңсыз сақтап келген азамат анықталды
Алматы облысының тұрғынынан аңшылық шолақ мылтық тәркіленді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Кеген аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы қызмет көрсететін аумақты аралау кезінде профилактикалық есепте тұрған есірткі заттарын сақтағаны үшін бұрын сотты болған 66 жастағы Б. есімді азаматтың үйін тексерді.Тексеру барысында одан 16 калибрлі патрондары бар бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.
Күдіктінің айтуынша, ол 2008 жылы ұңғылы аңшы мылтығын тауып алған, бірақ оны полицияға тапсырмай, өзін қорғау үшін қалдырған. Осы жылдар бойы шолақ мылтықты өз үйінде заңсыз сақтап келді.
Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады.
Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Полицейлер барлық азаматтарды заңды бұзбауға және заңсыз қаруды полицияға өз еркімен тапсыруға шақырады.