Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көп қабатты тұрғын үй өртенді

Ақтөбе облысында тоғыз қабатты үйлердің бірінде электрлі қалқан жанып,өрт барлық тұрғын үйді шарпыды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

28 ақпанда шамамен сағат 13: 28-де Ақтөбе қаласында учаскелік полиция қызметкерлері Айдын Ырзалиев, Дастан Орынбасаров және Алихан Қалиев бекетте тұрды.Сол уақытта 12 шағын аудандағы № 41 үйдің терезесінен шығып жатқан түтінді көрді.

Олар дереу өрт шығып жатқан үйге бет алды. Оқиға орнына жеткеннен кейін белгілі болғандай, тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында электрлі қалқан жанып кетіп, өрт бүкіл үйге шарпыған.

Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, учаскелік тұрғындар тұрғындарды көшіруге кірісті.Барлығы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында кішкентай балалар бар.Подъезде ауа жетіспеуіне байланыс полицейлер қабаттар аралығындағы терезелерді сындырды.

Үрей туғызбауға тырыса отырып, учаскелік полиция қызметкерлері өрт орнынан қарттар мен мұқтаждарды бірінші шығарды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді сегізінші қабаттан көтеріп алып шықты.

Өрт кезінде подъезге жедел жәрдем келіп, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екі адам ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндіру қызметінің күшімен бір сағаттан кейін өрт ауыздықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру