Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы: қалың қар жол жүруге қиындық тудыруда

Қостанай облысының тас жолында адамдарды құтқару және елді мекендердің тұрғындарын тасымалдау жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қардың қалың жаууы,тайғақ болуы, жолдың көрінбеуі салдарынан, қар құрсауында қалған  елді мекендердің тұрғындары мен автокөліктерге құтқарушылардың көмегі қажет болды.

27 ақпанда Арқалық қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары елді мекендерде құтқару жұмыстарын жүзеге асырды. Үштөбе ауылында жүкті әйелге көмек қажет болды. Марш-БРОНТО жоғары өтімді техникада, құтқарушылар әйелді жұбайымен Арқалық қаласының перзентханасына медициналық көмек көрсету үшін жеткізді. Сол уақытта Целинный ауылынан СКБ-600-09 жол талғамайтын көлікпен Арқалық қалалық ауруханасына құтқарушылар ЖРВИ белгілері бар кішкентай баланы жеткізді.

28 ақпанға қараған түні Қайыңды ауылында ер адамды жедел ауруханаға жатқызу талап етілген. Құтқарушылар тобы тез арада Қайынды ауылына жоғары өтімді Марш-БРОНТО техникасымен шықты.Науқас ер адамды медицина қызметкері мен жұбайымен бірге Арқалық қалалық ауруханасына жеткізді, онда ер адамға қажетті көмек көрсетілді.

Құтқарушылардың көмегі облыстың автожолдарында да, Жітіқара- Милютин және Жітіқара-Забеловка трассаларында да қажет болды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Жітіқара қаласының құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары 6 адамға көмек көрсетті, оның ішінде 1 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Уақытылы көрсетілген құтқару және медициналық көмектің арқасында адамдардың өмірі мен денсаулығында қауіп жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру