Мыңнан астам Алматы тұрғыны арнайы қосымша арқылы полицияға хабарласты
Мыңнан астам Алматы тұрғыны арнайы қосымша арқылы полицияға хабарласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының полициясында «Police 102» мобильді қосымшасын енгізу аясында азаматтардың өтініштерін барлық арналар бойынша қабылдау үшін операторлардың 20 жұмыс орны жұмыс істейді.
– 2021 жылдың алты айында «102» қосымшасы арқылы, бейнеқоңырау, смс-хабарламалары және аудио хабарламалар режимінде азаматтардың бір мыңнан астам хабарламалары қабылданды. Сонымен қатар ЖБО-да бейнебақылау жұмыс орындары орнатылғанын еске саламыз. Қала Әкімдігінің қолдауымен «Алматы қаласының бейнебақылау жүйелері» жобасы жүзеге асырылуда. Оны жүзеге асыру аясында қалада бір мың цифрлық бейнекамера орнатылды, оның 120-да қауіпсіздік бейнеаналитика функциясы бар. Жоба Мониторинг орталығын құруды, кез-келген бейнекамералардан ақпараттар шығару үшін ЖБО мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ бейнекамералар түсірген оқиғаларды тіркеуді, ЖБО-ның бағдарламалық жасақтамасын қайта қарауды көздейді. Осы жобаны іске асыру барысында ПД ЖБО әртүрлі бейнебақылау жүйелерінен дабылды автоматты режимде қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи бағдарламалық қамтамасыздандырумен қамтамасыз етіледі, бұл қолданыстағы бейнекамераларды максималды біріктіруді қамтамасыз ететін қауіпсіздік талдауы функцияларын дамытады, – деді Алматы қалалық ПД Жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.