Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еліміздің жас волейболшылары Нұр-Сұлтан қаласында жарыс ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан қаласында қыздар арасында волейболдан чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!” ұранымен 2009-2010 жылдары туылған қыздар арасында волейболдан Қазақстанның жазғы чемпионаты аяқталды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен құрамында 215 қыз бар 16 команда қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен оның елордалық басқармасының қатысуымен елордалық “Эверест” волейбол клубы.

Бірінші орынды Теміртау қаласының командасы, 2 орынды Алматы облысының “Жетісу” командасы, 3 орынды Павлодар қаласының “Ертіс”командасы иеленді.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар – ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен елордалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасынан сыйлықтар мен жүлделер алды.

Нұр-Сұлтан қаласы Волейбол федерациясының президенті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов атап өткендей, турнир балалар мен олардың ата-аналарының волейболға деген қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын және спорттық ұзақ өмір сүруді насихаттауға бағытталған. Ол чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін “Эверест” волейбол клубына алғыс білдірді. Бұл жеке спорт клубының күшімен ұйымдастырылған алғашқы ауқымды чемпионат.

Жарыс барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Командалар турнирге қатысуға КОВИД-19 тестілерінің теріс нәтижелерімен жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру