Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Нашақорлыққа жол жоқ”: Жамбыл облысының ПД басшылығы оқушылармен кездесті

Жамбыл облысының ПД басшылығы есірткіге қарсы күреске бағытталған кездесулерге белсенді түрде қатысып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев пен ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев Тараз қаласындағы №23 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Спикерлер жас жамбылдықтарға есірткі қолданудың зияны және олармен байланысты қылмыстардың салдары туралы нақты мысалдар келтіре отырып айтып берді.

Сондай-ақ, оқушыларға синтетикалық есірткінің зияны туралы айтылып, есірткінің заңсыз айналымының жаңа нысандарының алдын алуға және оларға қарсы тұруға бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы түсіндірілді.

ПД кинологиялық қызметінің қызметкерлері қызметтік иттердің есірткі іздеу және құқық бұзушыны залалсыздандыру дағдыларын көрсетті.

Полицейлер оқушылармен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын, онда айтылған есірткінің, оның ішінде синтетикалық препараттардың таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.

Кездесудің мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту, жасөспірімдерде патриотизм сезімін қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру