Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада скутер тізгіндеген 128 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылордада жол ережесін бұзған 128 скутер жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер және басқа да азаматтар скутер тізгіндеп, жолда жүру ережелерін білмей, қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Жол қауіпсіздігінің және өзгеде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында полиция қызметкерлері аянбай еңбек етіп келеді.

Осы орайда Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚБ ППБ қызметкерлері және жедел басқару орталығы қызметкерлері бірлесе отырып, 2 шілде мен 9 қыркүйек аралығында қала көлемінде қала аумағында орналасқан бейнебақылау жүйелері көмегімен, жолда жүру ережесін өрескел бұзған скутер тізгіндеген 128 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, тізгіндегендердің қатарында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталды.

Барлық скутерлер айып тұрағына қойылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру