Нашақорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар өткізілді
Нашақорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар іске асырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, жазғы демалыс кезеңінде іс-шаралар өткізу аясында карантиндік шараларды сақтай отырып, өткен аптада Қызылорда облысының Шиелі ауданында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық–насихаттау жұмысы аясында өткізілді.
Іс-шаралар мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына теріс қарым-қатынасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына құндылық қарым-қатынасты, есірткіні қабылдамауды қалыптастыру. Сондай-ақ психобелсенді заттарды пайдаланудың алғашқы алдын алу жұмыстарын күшейту болып табылды.
Іс-шара барысында аудандық Оқушылар сарайында «Дизайн-арт» және «Спорттық ойындар» секцияларының мүшелері арасында суреттер сайысы және көңілді старттар ұйымдастырылды.
Сайыстарға қатысушылар өздерінің спорттық дағдылары мен асық ойнай білулерін көрсетті, ал жас суретшілер өз суреттерінде нашақорлық мәселесіне деген көзқарасын бейнеледі.