«Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасының қорытындысы
«Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасының қорытындысы, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектеп демалысы қарсаңында өткен аптада елімізде «Назар аударыңыз-балалар!» алдын алу шарасы өтті. Бұл акцияның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Аталған шараның алғашқы үш күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде:
– 1223 факті жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу;
– 1415 факті жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу бойынша тіркелді.
– Балаларды тасымалдау ережелерін бұзуға қатысты 1348 факті есепке алынған. Оның ішінде 485 факті автокөліктің алдыңғы орындықтарында балаларды ұстау құрылғысын пайдаланбау бойынша тіркеліп отыр.
Полиция жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беру мекемелеріне іргелес жатқан аумақтарға жаяу жүргіншілер өткелдерін жол белгілерімен, арнайы таңбалармен, қоршаулармен және жол қозғалысын реттеудің басқа да техникалық құралдарымен жабдықтау бойынша төрт мыңнан астам тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдарға кемшіліктерді жою бойынша 1704 нұсқама берілді.