«Нелегал-Кордон» іс-шарасы: Шымкентте 1 014 шетелдік анықталды
Шымкент қаласында «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1014 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 11-18-қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көші-қон заңдылықтарының бұзылуын анықтау.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент қаласы бойынша 1014 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 192, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 48 ҚР азаматы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Сонымен қатар, 238 тұлға Шымкент ПД-нің қабылдап-бөлу мекемесіне жеке басын анықтау мақсатында жеткізілді.