Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында учаскелік инспекторлар 186 мың пәтер мен жеке үйлерді тексерді

Павлодар облысында учаскелік инспекторлар 186 мың пәтер мен жеке үйлерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйектен бастап Павлодар облысында “Учаске” профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, оның шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары санитариялық талаптарды сақтай отырып, аула және көпқабатты үйлерді тексереді, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдар тексеріледі.

– Учаскелік инспекторлар 186 мың пәтер мен жеке үйлерді аралап, 20 мыңнан астам саяжай массивтерін, 990 шаруа қожалықтарын, қыстақтарды тексерді. Барлық шаруа және фермер қожалықтары пысықталды, 773 қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс нысандары, сондай-ақ кәріз құдықтары тексерілді. Нәтижесінде түрлі заң бұзушылықтар үшін 12 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мәселен, полиция 325 отбасылық жанжалшыны тыныштандырған. Полицияға 45 жастағы әйел жүгінді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамның үйде жанжал шығарғанын және оның шабуылының нысаны ретінде әйелін таңдағанын анықтады. Жанжалшыға қатысты учаскелік инспектор қорғау нұсқамасын шығарды және ҚР ӘҚБК 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдады. Ер адам жазасын сотта алады.

Құқықтық тәртіп сақшыларының назарына 164 бұзақы, балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 81 заңды өкіл және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 78 павлодарлық түсті.

Ғалым Сарғұлов Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 1204 құқық бұзушы анықталғанын атап өтті. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасының 108 бұзушылығы анықталды.

Тәртіп сақшылары 6 мың қару иесін тексерді, олардан 40 бұзушылық анықталды, 46 қару тәркіленді. Тәртіп бұзушыларға полиция құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 80 ұсыныс жасады. Павлодар қаласының полицейлері азаматтық қаруды қайта тіркеу мерзімін бұзған қару иесін анықтады. Ұмытшақ ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру