Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрсетілген заңсыз әрекеттер 1991 жылы туған К.есімді азаматқа және оның 28 жастағы құрбысына қатысты. Екеуі де Жамбыл облысының тумалары. Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің ақшасын ірі көлемде заңсыз иемденіп алғаны анықталды.

– Қылмыс жасау үшін ұсталғандар интернет-ресурстардың бірінде келесі мазмұндағы жарнаманы орналастырды. «Несие алуға көмектесемін». Потенциалды жәбірленуші хабарласқан кезде, қаскөйлер оны екінші деңгейлі банктердің бірінде шот ашу қажеттілігіне сендіріп, «Beeline» абонентінің ұялы телефонының нөмірін көрсетіп, бұл карта көрсетілген нөмірге байланған болуы керек деп сендірді. Содан кейін олар азаматтарды несие алу үшін алғашқы төлемнің қажеттілігі туралы сендірді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қаскөйлер Алматы облысының ауылдарының бірінде ұсталды. Қазіргі уақытта осы жұптың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен еліміздің әр аймақтарынан 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру