Нұр-Сұлтан полицейлері ұялы телефонды қолды еткен ұрыны ұстады
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елорданың 45 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталған адамның 2019 жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды. Тергеу барысында күдіктінің түскі уақытта «Рауан» СҮ-нің ғимаратында дәретханаға кіріп-шығуға сұранғаны анықталды. Ештеңе сезбеген күзетші ұрыны ғимаратқа кіргізген, ол жерден қаскөй ұялы телефонды байқап, ұрлық жасаған. Құны 77 500 теңге тұратын байланыс құралы күзетшілердің жеке үстелінде қуат көзіне жалғанып тұрған.
Күдікті оны ешкім байқамай тұрғанын пайдаланып, қылмыстық әрекет жасап, қашып кеткен. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.