Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ағайынды жігіттер үйдің ауласынан велосипед ұрлады

Елордалық полицейлер кезекті велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғындарынан Сарыарқа даңғылындағы үйдің ауласынан белгісіз біреулердің велосипед ұрлағаны туралы арыз түсті. Залалдың жалпы құны 220 мың теңгені құрады.

«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 16 және 20 жастағы екі ағайынды жігітті ұстады.

Ұрылар түнгі уақытта пайда іздеп, аулаларды аралап жүргені анықталды. Кіре берісте арқанмен бекітілмеген велосипедтерді байқап, өздерімен бірге алып кеткен.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ұсталғандардың елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Велосипедтер тәркіленді.

Ағайындылардың бірі ювеналды полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру