Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда автокөліктің терезесін сындырып, ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері ЖБО-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдікті түн ортасында Нәжімеденов көшесінде КамАЗ автокөлігінен терезесін сындыру арқылы рацияны, кілттер жиынтығын жасырын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды. Материалдық шығын 200 000 теңгені құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Заттай айғақ тәркіленді. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру