Нұр-Сұлтанда ІІМ өкілдері мен БҰҰ ЕҚБ сарапшыларының қатысуымен онлайн-семинар өтті
Нұр-Сұлтанда ІІМ өкілдері мен БҰҰ ЕҚБ сарапшыларының қатысуымен онлайн-семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ішкі істер министрлігі мен БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасының “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалауға ықпал ету” бірлескен жобасы аясында “Кадр саясаты мен кәсіби біліктілікті арттыру саласындағы озық тәжірибелер және олардың полиция қызметін жетілдірудегі рөлі” атты онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің дайындығы мен оларға білім беру саласындағы халықаралық тәжірибемен таныстыру.
ҚР ішкі істер органдарын жетілдірудің жол картасы шеңберінде қызметке қабылдау мен жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау процестері жетілдірілу, сонымен қатар полиция қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс алгоритмдері қайта қаралуда. Бұл өз кезегінде халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттырады.
Семинарда полиция қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттырудағы халықаралық озық тәжірибелерден мысалдар келтірілді.
Полиция қызметін жаңғырту үдерісінде кадрлық саясат пен біліктілікті арттырудың негізгі рөлі атап өтілді.
Ресей Федерациясының сарапшысы полициядағы өзінің халықаралық қызметіне сүйене отырып, кадрлармен жұмыс істеудегі озық тәжірибенің практикалық мысалдарын ұсынды.
Ол кадрларды іріктеу мен даярлау, кәсіби стандарттарды әзірлеу, БАҚ-пен байланыс дағдыларын меңгеру және тиісті нұсқаулықтарды зерделеудің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ сарапшы полицияны жаңғырту үдерісінің маңызды элементтері, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, құрылымдық өзгерістер, заңнамалар мен саясатты қайта қарау, полиция қызметінің ашықтығы мен есептілігіне жәрдемдесу, қызметкерлер арасында сауал жүргізу мен қоғамдық пікірді сұрау, қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықты пайдалану дағдыларын үйрету туралы айтты.
Іс-шараға ІІМ Кадр саясаты департаменті, ІІМ білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ, БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасының сарапшылары қатысты.