Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер АҚШ азаматының ұрланған велосипедін қайтарып берді

Нұр-Сұлтанда полицейлер АҚШ азаматының ұрланған велосипедін қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шетелдік азамат өзінің құны 350 мың теңге тұратын STERN екі дөңгелекті көлігін Қошқарбаев көшесіндегі автотұрақтың жанына қалдырып кеткен. Анықталғандай, автотұрақтың жанынан өтіп бара жатқан ер адам бекітілмеген велосипедті көріп, оны ұрлап айдап әкеткен. Ұрлық орын алған сәт “Сергек” АӨК бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алматы ауданының полицейлері шетел азаматының велосипедін қысқа мерзім ішінде тауып, қайтарып берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шетелдік азамат өзінің бейне үндеуінде полицейлерге алғысын айтып, Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне велосипедін іздеп, табуға көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру