Нұр-Сұлтанда полицейлер электр сымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті сағат 20:00 шамасында елорданы тазарту мекемелерінің бірінің сыртында тұрған жоғары вольтті электр желісін балтамен шауып, 60 метрге жуық электр сымдарын өзінің Lada Priora автокөлігіне салып алып кеткен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жауап алу барысында ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.