Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда жалған нөмірлі көліктер анықталды

Елордада 19 шілде мен 18 тамыз аралығында апаттылықты азайту және көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтау мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша Сарайшық көшесінің бойында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу барысында жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген Mercedes автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Сондай-ақ полицейлер жалған нөмірлі Lada Granta көлігін ұстады.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді сот шығарады.

Автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Жедел алдын алу шарасы кезінде “Қорғау” қосымшасын пайдалану арқылы әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы 335 хабарлама жіберілді.

Коммуналдық тұраққа түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 140 көлік құралы орналастырылды.

3500-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды, оның 33-і көлікті мас күйінде басқарған. 140-тан астам жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған, 27 жүргізуші қарсы жолаққа шыққан және 166 жүргізуші апатты жағдай жасаған. 200 автокөліктің иесі жол қиылысынан бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен. Сонымен қатар 32 шетелдік азамат жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру