Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда “Қауіпсіз жол” шарасы жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 19 шілде мен 18 тамыз аралығында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы буклеттер, жадынамалар таратуда.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне, жол-көлік оқиғаларын барынша азайту қажеттілігіне қоғамның назарын аудару болып табылады.

Алты айдың ішінде елорда аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 54 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір бала көз жұмды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарды балаларына мұқият болуға және жолдар мен үйден тыс жерлердегі тәртіп ережелерін еске салуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру