Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер несие рәсімдеуде делдалдық етуге уәде беретін алаяқтардың айла-амалдары туралы ескертеді

Ақмолалық полицейлер несие рәсімдеуде делдалдық етуге уәде беретін алаяқтардың айла-амалдары туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 шілдеде Целиноград аудандық полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғыннан алаяқтық жасалғаны туралы өтініш келіп түсті. Азаматша 29 шілдеде OLX сайтында сыйақы үшін несие алуға өтінімді жүз пайыз мақұлдауға уәде берген ұсынысты тауып алғанын айтты.

Өтініш берушінің айтуынша, ол бұрын алынған бірнеше басқа несиелерді жабу үшін банктік несие алуды жоспарлаған.

Жәбірленуші барлық қажетті рәсімдерді орындау үшін белгісіз әйел оның шотына қызмет үшін алдын-ала төлемді аударуды ұсынғанын айтты. Аударылған қаражат сомасы – 57 мың теңге.

Аталған фактіге сәйкес, полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Несиелік алаяқтардың құрбаны болмау үшін полиция қызметкерлері несие алуда тікелей банкке хабарласуды, несие тарихын бұзбау үшін төлемдерді уақытылы төлеуді ұсынады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру