Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицияда Конституция күні аталып өтілді

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты іс-шараны ашқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ардагерлер мен жеке құрамды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.

“Осыдан тура 27 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда еліміздің негізгі заңы қабылданған болатын. Осы кезеңде ішкі істер органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысына айналды. Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бар күш-жігерімізді салатынымызға сенімдімін”, – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Дәстүр бойынша мерекеге орай полиция қызметкерлері медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін департаменттің бірқатар қызметкерлеріне мерзімінен бұрын шендер берілді, сондай-ақ грамоталар, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі және II дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі табыс етілді.

Елорда әкімінің құқығымен полицейлерге алғыс хаттар табыс етілді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ішкі істер органдарының ардагерлері “Қазақстан полициясына 30 жыл” естелік төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ Департамент бөлімшелерінің үздік қызметкерлері де марапатталды. Олардың қатарында Айдауыл қызметі взводының полицей-жүргізушісі полиция аға сержанты Серік Нұрышев, “Есіл” ауданы ПБ кезекші бөлімінің технигі полиция сержанты Аяжан Мұхитова, “Байқоңыр” ауданы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Сәбит Жаукенов бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру