Нұр-Сұлтанда полицейлер кезекті велосипед ұрлығын әшкереледі
Нұр-Сұлтанда полицейлер кезекті велосипед ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны полицияға хабарласып, Майлин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан белгісіз біреулер екі велосипедті ұрлап, едәуір көлемде материалдық шығын келтіргені туралы арызданған.
«Алматы» ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 және 17 жастағы екі жігітті ұстады. Ұсталғандардың бірі бұрын тонау жасағаны үшін сотты болған. Күдіктілер кінәсін мойындады, айғақты заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олардың елорда аумағында тағы осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.