Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді ұстады

Елордада бір күнде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған екі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күндізгі уақытта Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында полиция қызметкерлері Hyundai Accent маркалы көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарып келе жатқан 26 жастағы қызды ұстады.

Құжаттарды тексеру кезінде ағымдағы жылдың наурыз айында жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. 

Сондай-ақ полицейлер Volkswagen Vento маркалы автокөлігін көлік құралын басқару құқығынсыз басқарған Ақмола облысының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Жүргізуші бұған дейін сот шешімімен 2028 жылдың ақпанына дейін басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жаза тағайындалды. Автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру