Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары төбеттерді полиция қызметінде қолдана бастады
Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр", - деді Нұрділдә Ораз.
Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі - неміс және бельгия овчаркалары.
Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.