Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары төбеттерді полиция қызметінде қолдана бастады

Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр”, – деді Нұрділдә Ораз.

Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары.

Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру