Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны алаяқтың тұзағына түскен
Қызылорда облысы орталығының 37 жастағы тұрғыны алаяқтың тұзағына түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық полицейлері күдіктіні ұстады.
22 қыркүйекте Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны арызданған.
Биылғы жылдың сәуір айында белгісіз ер адам оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 350 мың теңге сомасында қаражатын алғаны анықталды.
Жұмысқа орналасуға көмек беремін деп, сондай-ақ алаяқ арзан бағамен 1 200 дана кірпіш сатып алуға уәде берген. Бірақ, өз уәдесін орындамай, қашып жүрген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілуде.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.