Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сержанттан генералға дейін: зейнеттегі генерал 70 жылдық мерейтойын атап өтті

Қостанайда Полиция департаментінің қызметкерлері зейнеттегі полиция генерал-майоры, Қостанай облысы ІІББ бұрынғы бастығы Николай Дейхинді 23 қыркүйекте атап өтетін 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Николай Дейхин – Қазақстан полициясының бастауында тұрған адамдардың бірі.

Мерейтой иесін ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев пен кадр саясаты басқармасының бастығы Нұрлан Бултаев құттықтады.

Олар Николай Михайловичке жылы лебіздерін білдірді. Қонақтар ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыстық ПД бастығы Бекет Аймағамбетовтың атынан алғыс хат табыстады. Амангелді Ахметқалиұлы Николай Дейхиннің керемет жұмыс қабілеттілігін атап өтті.

– Басшылықтың, ардагерлердің, бұрынғы қызметтестердің атынан Сізге жас полиция қызметкерлерін тәрбиелеуге, ардагерлер ісіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз және зор денсаулық, амандық тілейміз, – деп атап өтті А.Өмірбаев.

Өз кезегінде генерал қонақтарға құттықтаулары үшін алғыс айтты.

– Сені еске алып, бағалаған кезде әрқашан қуанасың. Министр мен бастыққа менің еңбегімді атап өткені үшін үлкен алғыс. Барлық жас қызметкерлерге сәтті қызмет тілеймін, – деді Николай Дейхин.

Генерал Дэйхин отыз жылдан астам уақыт Ішкі істер органдарында қызмет етіп, сержанттан генералға дейінгі жолдан өтті. Болашақ генералдың мансабы 1972 жылы басталды. Содан кейін ол жедел жұмыспен байланысты түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1991 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық милиция бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1993 жылы ҚР ІІМ қылмыстық іздестіру бас басқармасын басқарады және осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалады.

1994 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық іздестіру Бас басқармасының бастығы, кейін көліктегі Шығыс ІІБ бастығы болып тағайындалды. 1995 жылы Қарағанды облысының Ішкі істер бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2001-2004 жылдары Қостанай облысы Ішкі істер басқармасының бастығы.
Николай Михайлович Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, “Генералдар кеңесі” Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Жеті медальмен, сондай-ақ “Кеңес милициясының үздігі”, “ҚР ІІМ үздік қызметі үшін” төс белгілерімен, атаулы қарумен марапатталған.

1995 жылы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №2232 Жарлығымен Николай Михайлович Дейхинге милиция генерал-майоры атағы берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру