Облыс тұрғындары алғыстарын білдірді
Алматы облысының тұрғындары облыс орталығының жолдарында тәртіп орнатқаны үшін Департамент басшылығына алғыстарын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев апта сайын әлеуметтік желі арқылы халықпен онлайн кездесу өткізуді күн тәртібіне енгізді.
Нәтижесінде әрбір жұма сайын облыс тұрғындары өңірдің бас полицейіне тәртіп сақшыларының жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін айтып, тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болды.
Ведомство басшысына қойылатын сұрақтардың басым бөлігі жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті орнату және қылмыстарды тергеудің жай-күйіне қатысты.
– Осыған дейінгі тікелей эфир барысында Талдықорған қаласының тұрғындары қала көшелеріндегі, әсіресе орталықтағы Шевченко көшесіндегі қозғалыс, сондай-ақ көліктердің заңсыз тұрағы бойынша проблеманы шешу туралы өтініш білдірген еді. Аталған мәселе басшылықтың бақылауына алынып, тәртіп орнатылды. Бүгінгі кездесуде Алмасбек 692 есімді желі қолданушысы Департамент басшысына ризашылығын білдіріп, полицейлердің жұмысына табыс тіледі, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тікелей эфир барысында тұрғындардан 300-ден астам сұрақ пен өтініш түсті. Күрмеуі шешілмеген проблемалық мәселелер басшылықтың бақылауына алынды.