Олимпиада ойындарының чемпионы Павлодардағы колонияға барды
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Павлодардағы колонияға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол картасы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №-44 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға қазақстандық спортшы, еркін күресші, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Шабанбай Даулетпен кездесу ұйымдастырды.
Даулеттің жүлдесі 10 жылдан кейін де спортшының жігері мен шеберлігінің көрінісі. Лондон Олимпиадасында Даулет Шабанбай 120 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Айта кетейік, Даулет Азия чемпионатының бес дүркін қола жүлдегері. Ол өз тарихын, жеңіске жету жолын қуана айтып, сол арқылы сотталғандарды алға қойған мақсаттарына жетуге итермеледі, сотталғандарға өзінің күш-қуат айлаларын көрсетіп, спортта дене шынықтыру аздық ететінін, көп оқып, жан-жақты даму керетігіне тоқталды. Сотталғандар чемпионның жылы лебізін тындауға мүмкіндік алды.
Сөз соңында белгілі спортшы сотталғандардың тезірек босатылуын тілеп, сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу үшін бұл кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Қазіргі таңда Даулет Олимпиада чемпиондарының жаңа буынын тәрбиелеп, еркін күрестен балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істейді.