Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды

Шымкентте шетелдік есірткі қоюшы қылмыс үстінде ұсталды. Күдіктіден аса ірі мөлшерде “синтетика” тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны полицейлер Қаратау ауданының аумағында арнайы рейдтік іс-шаралар кезінде ұстады. 

Тексеру барысында Өзбекстан азаматынан 15 орама мефедрон табылды. Тәркіленген психостимулятордың салмағы 20 граммға жуық.

Ұсталған азаматтың интернеттен “жұмыс” тауып, екі ай бойы қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ол мессенджерде бөлісіп отырған.

Қазіргі таңда шымкенттіктерді есірткімен улауға айтарлықтай үлес қосқан ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру