Он мыңыншы қазақстандық өз көлігін заңдастырды
Көкшетау тұрғыны өз көлігін заңдастырған он мыңыншы адам болды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Бүгін ер адам өзінің көлік құралын заңдастырып, қазақстандық техпаспортты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгіні алды.
Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру тәсілдері:
- eGov.kz үкімет порталы арқылы;
- екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
- ХҚКО арқылы.
Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс.