Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте студент танысының телефонын сұрап алып, сатып жіберген

Шымкентте студент танысының телефонын сұрап алып, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 16 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та орын алған. Бірге тұратын танысы VIVO Y31 телефонын қолдана тұрамын деп, уақытша сұрап алып, кері қайтармай қойған.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 18 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында, өзімен бірге бір пәтерді жалдап тұратын танысы оның VIVO Y31 телефонын қолдануға уақытша сұрап алып, заңсыз иемдену үшін оқиға орнынан бой тасалағандығын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 150 мың теңге.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынды.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 18-де, студент.

Қазіргі кезде ұсталған студент өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты зат – телефонды сатып, жеке басына жаратып жіберген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, қос құрдас оқу орнында таныс болған. Бір-бірін бір жылдан бері таниды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру