Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы аудио жазбаларды сақтаған теміржол қызметкері жазаланды

Көлік полицейлері әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы материалдарды сақтаған теміржол ұйымының қызметкерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында діни мазмұндағы фото, видео материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын интернет ресурстары арқылы мониторинг жүргізеді. Бұл туралы көліктегі ПД ЭҚІҚБ бастығы Ерлан Әлімов айтты.

Оның айтуынша, ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе облысына қарасты теміржол ұйымдарының бірінің 30 жастағы қызметкерінен діни мазмұндағы аудио материалдар табылды. Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға болмайды.

– Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық соты құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 тг) мөлшерінде айыппұл салды, – деді Е. Әлімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру