"Opel Astra" көлігінің жүргізушісі ақтөбелік басқарған скутермен соқтығысты
Ақтөбе маңында скутердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйекте "Самара – Шымкент" автожолында, Құршасай кентінің бұрылысында, "Opel Astra" автокөлігінің 34 жастағы жүргізуші, "Самара - Шымкент" автожолына сол жақ бұрылыспен шығу кезінде, басты жол бойымен келе жатқан көлік құралына жол бермей, Ақтөбе қаласына қарай "Самара – Шымкент" автожолында келе жатқан 25 жастағы ақтөбелік басқарған скутермен соқтығысты.
ЖКО салдарынан скутер жүргізушісі Ақтөбе қаласының ЖМЖА-ға жатқызылды.